Құрметті Аудан тұрғындары!

Атырау облыстық білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім беру бөлімі “Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебі КММ “Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары” негізінде Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша өтініштер қабылданатындығы туралы хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес құрамына мыналар кіреді.
•Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
•Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
•Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
•Ата-аналар кеңесі ұсынған әрбір параллель сыныптан, білім беру ұйымдарында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкіл;
•Қайырымдылық жасаушылар (бар болса)
•Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімі және өтініштерін мектеп әкімшілігіне тапсыруға болады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017жылғы 27 шілдедегі 355 бұйрығымен бекітілген. “Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары”
Мектеп әкімшілігі: Телефон: 2-11-18,+77754316752
14 желтоқсан 2021 жыл

Жарияланды: 14.12.202116:13

Автор: