Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай Дина Нұрпейісованың 160 жасқа толуы қарсаңында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай Дина Нұрпейісованың 160 жасқа толуы қарсаңында аудандық Аналар кеңесінің ұйымдастырған “Ана-елдің, отбасының шамшырағы” тақырыбындағы апталықтың жоспарына сай “Оқу-тәрбие жұмысындағы Д.Нұрпейісованың өмірі мен шығармалары” тақырыбында әдістемелік ұсыныстар Вернисажы өткізілді. Шараға Дина Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебі, балалар өнер мектебінің мұғалімдері мен педагогтары қатысты. Шара мектептегі домбырашы оқушылар ансамбілінің орындауындағы Динаның “Тойбастар” күйімен басталды. Шараға қатысушылар “Дина күйлерін өнер мектебінде оқыту”, жалпы білім беретін және өнер мектебіндегі “Дина тану” үйірмесінің бағдарламасын жасау, “Тәрбие жұмысының негізі-Дина шығармалары” т.б. тақырыптарда өздерінің дайындаған әдістемелік ұсыныстарын қорғады. Дина шығармаларының сұлу сазы, тақырып мазмұны байлығымен ерекшеленетін мұрасы кейінгі ұрпаққа өнеге екені ашып көрсетілді. Қабдолова Анар, Саматова Айымгүлдер Динаның “Әсем қоңыр”,”Сауыншы” күйлерін тартты. Шара домбырашылар ансамблінің орындауында Динаның күйімен аяқталды.Шара жоғарғы деңгейде өтті. Ол ұлттық , рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған, мұғалімдерге қажетті, біліктілік деңгейлерін арттыруға бағытталған жұмыс болды. Шараны аудандық Аналар кеңесі төрайымы Балғаным Хасенқызы қорытындылады


Жарияланды: 15.12.202108:17

Автор: