Ардагер ұстаздардың өмірбаяны

                                                                   

Елеуов Ахонғали Камалиденұлы

(1925-2007 ж.)

Ганюшкин балалар музыка мектебінің алғашқы директоры.

    1925 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала жерінде дүниеге келген

1942 жылы 10 сыныпта оқып жүрген Ахонғали аға соғысқа аттанады. Воронеж, Полтава, Харьков, Киев қалаларын азат етуге қатысады.1946 жылы 7-ші автобатальондар полкінде шоферлық оқып, жүргізуші болып қираған қалаларды қалпына келтіруге белсене араласады.Әскерден оралған соң 1962 жылға дейін «Чапаев» ұжымшарында есепші, шофер, автомеханик қызметін атқарады. 1962 жылы аудандық  мәдениет  бөліміне  шақырылып, алғаш «Теңіз» халық театрының ұйымдастырушыларының  бірі, әуесқой  әртіс  аға аудан, облыс орталығы, Алматы қаласында өткен мәдениет күндерінде домбырашы әрі актерлық  өнерімен танылды. Сахнада 20-дан астам  пьесалардың басты рольдерін шебер сомдады. Кәсіби музыкалық білімін шыңдау мақсатында өнер тарландары Сейілхан Құсайынов, Шамғон Қажығалиевтен дәріс алып, Құрманғазы, Дина күйлерін асқан шеберлікпен орындау дәрежесіне қол жеткізді. 1964 жылы құрылған Ганюшкин балалар саз мектебінің алғашқы директоры Ахонғали Елеуов болды. Фортепиано, скрипка, баян, домбыра, қобыз мамандықтары бойынша Ғазиз Бердешов, Күнсұлу Елеуова, Шәріп Ниеталиев, Л.Безрукова сынды ұстаздар 45 оқушыға дәріс берді. 1968 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа шыққанша Ахонғали аға аудандық мәдениет бөлімі жанындағы мәдени қызметкер, автокөлік меңгерушісі, ұлт-аспаптар оркестрінің дирижері қызметтерін атқарды. 1980 жылы Дәшін музыка мектебінің директоры. 2005 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері Елеуов Ахонғалидің «Майдангер ақын-80 жаста» атты шығармашылық кеші аудан көлемінде өткізіледі. Асыл жары Қанипа Қанатқалиевамен бірге 60 жылға жақын отбасы өмірін құрып,  Талапқали,Бақытжамал, Жаннат, Ерғали, Ермек, Анар есімді ұл-қыз сүйді. Олардан 9 немере, жиендер көрді. Теңіз халық театрының әртісі,көрнекті ақын әрі домбырашы, ауданның ұлт-аспаптар оркестрінің белді мүшесі Ахонғали Елеуов Қазақ ССР-ның Мәдениет Министрлігінің «Құрмет грамотасы», облыстық мәдениет басқармасының «Дипломы», Республикалық, бүкілодақтық байқаулардың лауреаты, бірнеше орден, медальдарының иегері болды. Атап айтсақ «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің  20,25,30,40,50 жылдығына» орай КСРО Жоғары Кеңестер Президиумының төсбелгілерімен марапатталды.

 

 

Биография

Бабушкина  Валентина  Петровнапреподаватель высшей категории теоретических дисциплин и фортепиано Ганюшкинской Детской школы искусств имени Д. Нурпеисовой, Курмангазинского района, Атырауской  области. Родилась  04.01.1959 года вс.Ганюшкино, Гурьевской области, Денгизскогорайона. В 1980 году окончила Гурьевское музыкальное училище, отделение «Хоровое дирижирование» и приступила к работе в данной музыкальной школе. В 1987 – 1991г.г.без отрыва от основной работы поступает и оканчивает Государственный педагогический  институт имени ХалелаДосмухамедова,отделение «Музыка и пение».

Многие её воспитанники-ученики, окончив музыкальные учебные заведения работают по своим специальностям по всей Атырауской области и в г.Атырау. Работая в школе с учащимися, выявляет многие  проблемные темы. Одну из них – «Работа над вокально- интонационными навыками с учащимися в ДМШ и  ДШИ» она опубликовала в брошюре при Методическом кабинете Курмангазинского рай ОО. Эта брошюра – разработка в помощь преподавателям ДМШ, ДШИ и учителям общеобразовательных  школ.  На протяжении многих лет Бабушкина В.П. является заведующей отделения теоретических предметов и является членом районного методического объединения, которое работает над  проблемой «Формирование  музыкально-информационной культуры в музыкальных и средних школах».

За отличные и результативные достижения в работе и долголетний труд, Бабушкина В.П.  в 2004 году была делегатом III съезда Науки и Образования Республики Казахстан.Её детские – ученические хоровые коллективы неоднократно награждались призовыми местами в конкурсах «Юный музыкант» в области. В 1995 году в г. Алматы, на Республиканском конкурсе «Юный музыкант» был удостоен  «Диплома»II степени Министерства Образования Республики Казахстан.

За многолетний, плодотворный, отличный труд в системе образования,          в 2004 году Бабушкина В.П. была награждена «Почётной Грамотой»  Атырауского областного комитета профсоюзных работников образования и науки, 2019 году «Благодарственное письмо» Министерства образования и науки  РК. Наряду с высокими наградами Бабушкина В.П. награждена «Дипломами», «Грамотами», «Благодарственными письмами» районных, областных конкурсов и олимпиад.

 

 

Хабибуллин Ибраким Хаббасұлы-(1952 ж.)

жоғары білімді кәсіби музыкант, жергілікті сазгер, Д.Нұрпейісова атындағы Ганюшкин балалар өнер мектебінің директоры.

    1952 жылы 19 маусым күні Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Өлеңді селолық кеңесінде дүниеге келді. 1973 жылы Гурьев музыка училищесінің скрипка бөлімін аяқтады. 1975 жылы Отан алдындағы әскери борышын өтеген соң, еңбек жолын аудандық мәдениет үйінің директоры қызметінен бастайды.1978-87 жылдары Ганюшкин балалар музыка мектебінің оқытушысы. 1987-1996 жылдар аралығында мектеп директоры, 1996-99 жылдары аудандық білім беру бөлімінің әдіскері, 2001-2005 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры, 2005-2006 жылы Д.Нұрпейісова атындағы Ганюшкин балалар өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2006 жылдан бері мектеп директоры. Өнер мектебін білікті педагог қызметкерлермен қамту, жаңа мамандық сыныптарымен толықтыру, материалдық-техникалық базаны жақсарту бағытында үлкен еңбек сіңірді. 2011-2012 оқу жылы өнер мектебі 892 ш.метрлі ғимаратқа қоныс аударды. Ибрагим Хаббасұлы басқарған педагогикалық ұжым заман талабына сай оқушыларға сапалы білім, өнегелі тәрбие беруде инновациялық жұмыс түрлерін ұйымдастырып, кәсіби байқау-сайыстар, әдістемелік шараларға қатысып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Атап айтсақ 48-ші облыстық «Жас музыканттар» байқауына қатысқан 7 оқушы жүлделі орындарға ие болса,ал баян номинациясы бойынша 3 сынып оқушысы Елемес Диас республикадан «Дипломант» атанып, А.Жұбанов атындағы дарынды балалар мектебінде оқып жүр.И.Хабибуллин басқарған педагогтардың 75 пайызы шығармашылықпен жұмыс жасайды. Дәстүрлі педагогикалық оқулар, «Үздік мамандық пән мұғалімі», «Үздік сабақ», «Үздік пән кабинеті», «Үздік менеджер», «Әдістемелік идеялар», кәсіби орындаушылар  байқауына қатысқан 17 мұғалім жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларға патриоттық тақырыпта «Егемен елім», «Қазақстаным», «Асыл мекен-Құрманғазым» т.б. әндерінің авторы. 1992 жылы «Өнер» және «Өлке» баспасынан  шыққан кітаптарға сазгердің шығармалары енгізілген. Еселі еңбегінің нәтижесінде 1996 жылы-«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі, 1998-99 жылдары облыстық білім беру басқармасының «Алғыс хаты», 2008 жылы-Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Музыка өнер үздігі» Құрмет дипломы, 2010 жылы-Құрманғазы ауданы әкімінің «Құрмет грамотасы», 2012 жылы-аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақтар ұйымының «Алғыс хатымен» марапаталды.

 

 

Хафизов Қалекен Досалыұлы

(1940-2005 ж.)

Д.Нұрпейісова атындағы Ганюшкин балалар өнер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, баян сыныбының мұғалімі.

1940 жылы Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Дыңғызыл атқару кеңесінде қолхозшы отбасында дүниеге келді. 1957 жылы Абай атындағы орта мектебін бітірді.1958-61 жылдары Сүйіндік совхозының клуб меңгерушісі. 1961-65 жылдары Гурьев музыка училищесі баян бөлімінің студенті.1965-66 жылдары Сүйіндік орта мектебінде ән сабағының мұғалімі.Қалекен Досалыұлы ұйымдастырған мектеп оқушыларының хоры түрлі байқауларда жүлделі орындарға қол жеткізді. 1966-1990 жылдары Ганюшкин музыка мектебінің мұғалімі. 1990-99 жылдары аудандық білім беру бөлімінің әдіскері. 1998 жылдан өмірінің соңғы деміне дейін  Д.Нұрпейісова атындағы Ганюшкин балалар өнер мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Білікті ұстаз Қалекен Досалыұлы ауданның жасөспірімдерін музыка өнеріне баулудағы шығармашылық табысы, еселі еңбегі бағаланып аудандық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасы», аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

 

Елеуова Күнсұлу Камалиденқызы-(1938-2014 жж.)

Ганюшкин балалар музыка мектебінің алғашқы мұғалімі,  ауданда қобыз сыныбының негізін салушы кәсіпқой музыкант

     1938 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңа қала ауданының «Мәстексай» жерінде дүниеге келді.

1958 жылы Гурьев музыка училищесінің қобыз класына оқуға қабылданады. Республикаға танымал ұстаз Раушан Нұрпейісовадан білім алып,   1962  жылы оқуын бітіреді.

Жас маман еңбек жолын Теңіз аудандық мәдениет үйінде нұсқаушы әрі қобызшы қызметіне қабылданады.     1964 жылы жаңадан ашылған Ганюшкин музыка мектебінде қобыз сыныбының негізін салып, оқушыларға  32 жыл дәріс береді. Еңбек еткен жылдары аудандық мәдениет үйі жанындағы ұлт аспаптар оркестрінің бас қобызшысы болды.Күнсұлу Камалиденқызының көптеген шәкірттері өнер жолын таңдады.Олар: Әлия Айтасова, Гүлмира Сужикова, Мархаба Жанкеева, Райхан Хамеденова, Мақпуза Меңдіғазиева, Дүниежүзіне танымал Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық ұлт-аспаптар оркестрінің әртісі әрі қобызшысы Гуля Саметованы зор мақтанышпен айтуға лайық. Ауданның мәдени өмірінің өркендеуіне зор үлес қосқан Күнсұлу Камалиденқызы аудандық халық театрының әртісі, ұлт-аспаптар оркестрнің  бас қобызшысы болып, халық театры мен оркестр құрамында бірнеше рет облыстық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы, лауреаты атанды.

Жас ұрпақтың табиғи дарындылығын, талантын ұштау бағытындағы еселі еңбегі бағаланып, 1977 ж. Гурьев облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасы», 1979 ж. Теңіз аудандық білім беру бөлімінің «Құрмет грамотасы», 1982 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісі, 1987 жылы Гурьев облыстық партия комитетінің «Жас ұрпақты тәрбиелеуде белсенді еңбегі үшін» Алғыс хат, 1992 ж. «Әдіскер мұғалім», 2004 ж. Атырау облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасы», аудандық білім беру бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

 

Ниеталиев Шаріп Жақсылықұлы 1942 жылы Теңіз ауданы қазіргі Даулет ата (Ковалев) селосында КСРО қызыл әскерінің офицері  жанұясында дүниеге келді. Ауданның музыка мектебінің алғашқы іргесін қалаушыларының, шаңырағын биікке көтерушілердің бірден- бірі. Қазақстан білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты мұғалім. 1959 жылы қазіргі Ломоносов (Молотов) мектебін  7 класын бітірген. 1959 жылы қазіргі Атырау (Гурьев) музыка училищесіне түсіп, 1963 жылы қызыл дипломмен бітірген. 1963-1965 жыл аралығында сол училищенің мұғалімі. Теңіз аудандық атқару комитетінің сұранысына байланысты 1965 жылы  Ганюшкин селосындағы саз мектебіне мұғалімдікке шақырылды. 1969-1987 жыл аралығында осы мектептің директоры. 1972-1975 жылы Гурьев (Атырау) Обком партиясының жанындағы Марксизм –Ленинизм университетін сырттай бітірген. 1968-1973 жылдары Гурьев мемлекеттік институтының тарих факультетін сырттай оқып бітірген. 1987 жылы Теңіз аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1987-1989 жылдары арасында аудандық атқару коммитетінің депутаты. 1988-1996 жылдары аудандық білім беру бөлімінің кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1996-2006 жылдар аралығында Ганюшкин селосындағы саз мектебі директоры. 2006 жылдан бастап зейнеткерлікке шығуына байланысты осы мектептің мұғалімі.

Наградалары:

1968 жылы Аудандық Райкомсомолының мақтау қағазы.1977 жылы КСРО 70 жылдығына байланысты оркестр ұйымдастырып концерт қойғаны үшін Аудандық атқару комитетінің мақтау қағазы. 1978 жылы Бүкілодақтық Халық есебін. Ұйымшылдықпен өткізгені үшін КСРО кеңесі призидиумының төрағасы Подгорныйдың алғыс хатымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. 1978 жылы қазақ ССР үздік қызметкері атағы берілді. Бірнеше мәрте Аудандық білім беру бөлімінің, Облыстық кәсіподақ комитетінің мақтау қағаздарымен марапатталды. 1979 жылы Социалисттік жарыс жеңімпазы төс белгісімен марапатталды.

Өнер жолын жалғастырған шәкірттері:

Қыдыргалиев Кадырбай училищедегі түлегі, өнер зерттеуші. Абдешев Есаман музыка училищесін, консерваторияны бітіріп Қарағандыдағы дарын балалар мектеп –интернатының мұғалімі.

Нұрғалиев Досқали бірнеше сайыстардың (Дельфийские игры атты) байқаулардың жүлдегері, Атырау мемлекеттік университетінің Муз-Фактің түлегі.Қыдыргалиева Света Атырау пед колледжінің өнертану бөлімін бітірген.Өмірболатов Талап Атырау музыка колледжін бітірген. Даумова Жанаргул Дәулеткерей саз мектебінің оқу ісінің меңгерушісі және т.б.

 

 

Бердешов Ғазиз Қыдырұлы 1933 жылы 31 қаңтар айында Байда советінің Котяев селосында дүниеге келген. 1949 жылы Котяев селосында Н.Крупская атындағы жеті жылдық мектебін бітірген соң, Астрахань облысы Володар педагогикалық училищесін 1953 жылы бітіріп, Марфин ауданының Лопатин жеті жылдық мектебінде математикадан сабақ береді. 1955 жылдан бастап Гурьев облысы, Теңіз ауданының Крупская атындағы мектепте және Сафон, Ганюшкин мектеп интернаттарында ән, сурет пәндерінен сабақ береді. 1962 жылы орал мұғалімдік институтының биология факультетін бітіреді.

1957 жылы аудандық мәдениет үйінде суретшілер көрмесіне қатысқаны үшін “Қазақ ССР Құрмет грамотасымен” марапатталады.

1958 жылы 12 желтоқсанда Москвада өткен Қазақстанның екінші Әдебиет және Өнер шығармаларының декадасына қатысқан. 1959 жылы Ғ.Мүсіреповтың “Қыз Жібек” музыкалық драмасын Алматы қаласына қойып, театр атағына ие болғанда, спектакльді қоюшы және барлық риквизит, бутофория және декорациясын жасаған.

1964 жылы Москвадағы бүкіл одақтық Н.Крупская атындағы көркем өнер сурет училищесін сырттай оқып бітірген. 1965 жылы “Рабиға” қойылымын көркемдегені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.

1973 жылы халық театры мен коллективтерінің республикалық байқауында Е.Уақитовтың “Алтын көрсе періште жолдан таяр” атты пьесасы боынша қойылған спектакльді көркемдегені үшін Қазақ ССР-і мәдениет министрлігінің дипломымен марапатталып лауреат атағына ие болған. 1975 жылы Ә.Әбішевтің “Белгісіз батыр” қойылымын көркемдегені үшін Гурьев облыстық І дәрежелі дипломмен марапатталған.

1981 жылы Алматыда қойылған С.Самаевтың “Тағдырлар” атты спектакльдің декорациясын жасағаны үшін республикалық диплом мен республикалық байқаудың лауреаты атағына ие болады.

12-ші бесжылдыққа саяси- әлеуметтік өмірдегі жаңалықтарды ойдағыдай жүзеге асыру барысында нақты еңбегі үшін Республикалық Құрмет Грамотасымен марапатталған.

1984 жылы Бүкіл Одақтық байқаудың лауреаты медалімен марапатталған. Музыкалық терең білімді Ғазиз Бердешов дирижерлікпен де айналысып, көптеген хор мен оркестрге дирижерлік еткен. Құрманғазының “Кішкентай”, “кісен ашқан”, “Көбік шашқан”, “Адай” күйлері, Динаның “16-шы жыл”, “Әсем қоңыр”, “Бұлбұл”, Ахмет Жұбановтың “Би күйі” мен Глинканың “Полькасы” қазақ және басқа ұлт өкілдерін сырлы әуенге бөлеп тебіренген.

Ғ.Бердешов қазіргі “Теңіз” халық театрының өсу-өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан талант иесі, өз бойындағы өнерін, тәлімін шәкірттеріне үйрете білген өнегелі ұстаз. Әке өнері балаларына дарып, бүгінде отбасы өнегелі де өнерлі шаңыраққа айналды. Ұлын ұяға қондырып, қызын қияға ұшырған абзал әке, адал жар, өнеріне жас – кәрісі сүйсінген талант иесі бола білген.

Мінекей қыл қаламның құдіретін меңгерген суретші, ағаштан түйін қол өнер шебері, музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын домбырашы, қобызшы, скрипкашы, сырнайшы, сыбызғышы, фортепиано және мандолин шебері, режиссер, тапқырлық пен табандылықты, өнер мен өрлікті, адамгершілікпен өнегелікті, ұлағаттылықпен ұлылықты, бірдей ұстанған қыран мінезді ағаның өмір жолдары осындай ізгі өрлеу мен өрнектеледі.

 

 


Жарияланды: 27.11.202109:00

Автор: