2017 жылғы 27 шілдедегі 355 бұйрығымен бекітілген “Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары”
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Құрметті Аудан тұрғындары!
Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің “Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі 355 бұйрығымен бекітілген “Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары” негізінде Қамқоршылық кеңестің құрылуы туралы хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес құрамына мыналар кіреді.
- Жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
- Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
- Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
- Ата-аналар кеңесі ұсынған әрбір параллель сыныптан, білім беру ұйымдарында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
- Қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
- Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімі және өтініштерін мектеп әкімшілігіне тапсыруға болады.
Мектеп әкімшілігі: Жұмыс телефоны: 2-11-18, ұялы телефоны: +77754316752
14 желтоқсан 2021 жыл


